Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем шахтера

Новости Федерации 30.08.2026

Поздравление Председателя Федерации профсоюзов РК с Днем шахтера

Құрметті кеншілер , көмір өндіру саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен ҚР Кәсіподақтар федерациясының атынан шын жүректен құттықтаймын!

Кенші мамандығы - бұл сөзбен емес, нақты іспен дәлелденген ерлік. Жер қойнауының тереңіндегі әрбір сағат, әрбір тонна өнім - бұл темірдей төзім мен асқан жауапкершіліктің жемісі. 

 

Еліміздің экономикалық қуаты мен өндірістің тынысы дәл осы сіздердің қажырлы қолдарыңызда тұр.

Кәсіподақтар федерациясы үшін шахтадағы әрбір жұмысшының амандығы мен қауіпсіздігі - бәрінен биік. Біз сіздердің ауыр еңбектеріңіздің лайықты бағалануы мен әлеуметтік қорғалуыңызды басты парызымыз деп санаймыз. Өмірін осы салаға арнаған ардагерлерімізге басымызды иіп, алғыс айтамыз.

 

Сіздер жер астындағы ауыр еңбектен қаймықпай, жауапкершілік пен темірдей төзімді, жанқиярлық пен қайсарлықты талап ететін мамандықты таңдап, ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. 

 

Сіздерге сарқылмас күш-қуат, мықты денсаулық пен отбасыларыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін! Еңбектеріңіз берекелі, мәртебелеріңіз биік болсын.

Ізгі тілекпен,

ҚР Кәсіподақтар федерациясының

төрағасы                                                                                 С.Дәулеталин