Құрметті әріптестер, ардақты ағайын!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мейрамымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Айт – бұл мейірім мен кешірімнің, бірлік пен ізгіліктің салтанат құратын ерекше кезеңі. Халқымыз ежелден бұл күндері өкпе-ренішті ұмытып, ағайынның амандығы мен елдің ынтымағын басты орынға қойған.
Жүректерге иман нұрын, көңілдерге шуақ сыйлайтын бұл мейрамның орны біз үшін әрқашан бөлек.
Осынау берекелі мерекеде шалған құрбандықтарыңыз, жасаған игі істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әрбір үйге амандық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Дастархандарыңыз аққа, көңілдеріңіз нұрға толсын.
Айт қабыл болсын, ағайын!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы С.Дәулеталин