Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы облыстық Азаматтық форумға қатысты

Салалық және өңірлік жаңалықтар 15.07.2026

Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы облыстық Азаматтық форумға қатысты

Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Конституция – азаматтық қоғамды дамытудың құқықтық іргетасы» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті.

Ауқымды іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар ұйымдары мен азаматтық қоғам белсенділері қатысып, Конституцияның қоғамды демократиялық тұрғыдан дамытудағы маңызы, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы тиімді әріптестікті нығайту және қоғамдық диалогты дамыту мәселелерін кеңінен талқылады.

Форум жұмысына Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысты.

Бүгінде кәсіподақтар еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап қана қоймай, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтық қоғам институттарының әлеуетін арттыруға белсенді үлес қосып келеді. Осы тұрғыдан алғанда, форумда көтерілген бастамалар мен ұсыныстар қоғамның барлық институттарының өзара іс-қимылын күшейтуге және Конституцияда айқындалған құқықтық қағидаттарды іс жүзінде тиімді жүзеге асыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқық үстемдігіне негізделген әділетті қоғам құрудың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік пен қоғамдық келісімді нығайтудың берік негізі. Азаматтық қоғам институттары мен кәсіподақтардың мемлекетпен сындарлы ынтымақтастығы елдің тұрақты дамуына, еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыруға және Жаңа Қазақстан құндылықтарын орнықтыруға қызмет етеді.