«Қалың қалай, бастауыш?»: Ақтөбеде кәсіподақ мүшелерімен онлайн кездесу өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 25.05.2026

«Қалың қалай, бастауыш?»: Ақтөбеде кәсіподақ мүшелерімен онлайн кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш?» жобасы аясында Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы аудандық бөлімдермен кезекті онлайн кездесуін өткізді. Қашықтан ұйымдастырылған еркін пікір алмасу алаңына Темір, Хромтау және Қобда аудандарынан 280-ге жуық кәсіподақ мүшесі қатысты.

Басқосуда облыстық ұйым төрағасы Раушан Серікова кәсіподақтың ағымдағы қызметіне тоқталып, сала мамандарының құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды таныстырды. Сондай-ақ еңбек адамының мүддесін қорғау және оларға әлеуметтік қолдау көрсету — ұйым қызметінің басты басымдығы екенін атап өтті.

Жиын барысында еңбек заңнамасына қатысты маңызды мәселелер де кеңінен талқыланды. Кәсіподақ заңгерлері қызметкерлердің еңбек құқықтары, демалыс рәсімдеу тәртібі мен заң аясындағы мүмкіндіктер туралы түсіндірді. Сонымен қатар келісім комиссияларының жұмыс тәртібі мен еңбек дауларын шешу жолдары жан-жақты сөз болды.

Онлайн кездесуге «Дөң» мектеп-гимназиясы, Қызылсу, Табантал, Қопа, Бабатай, Ақжар, Бесқұдық, Талдысай, Абай орта мектептері, Шұбарши және Алтықарасу мектеп-балабақша кешендері, сондай-ақ И.Тайманов атындағы гимназия ұжымдары қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.