«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 17.08.2026

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» шарасы және азаматтарды қабылдаудың бірыңғай акциясы аясында Ақтөбе орман шаруашылығы еңбеккерлерімен кездесу өтті.

Кездесуді Ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев өткізді.

Кездесу барысында кәсіподақтың еңбек адамдарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы рөлі, әлеуметтік қолдау, еңбек қауіпсіздігі, лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету және еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелеріне ұжымдық шарттың маңызы, құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік жеңілдіктер мен қолдау шаралары түсіндірілді.

Еңбеккерлер өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларды заң аясында шешу жолдары қарастырылды.

 

Кездесу барысында орман шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңызы да атап өтілді. Үстіміздегі жылы орман шаруашылығы мекемелеріне арнайы техникалар табысталған еді.

Тракторлар, шағын орман патрульдік өрт сөндіру кешендері, жүк-жолаушылар автокөліктері, фронталды тиегіштер, шынжыртабан экскаватор және ауыр техниканы тасымалдайтын тіркемелер орман қорын қорғау, өрттің алдын алу және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жаңа техниканың берілуі орман шаруашылығы қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, қолжетімсіз аумақтарда тиімді жұмыс жүргізуге, табиғи ресурстарды қорғауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.