Қуатты бастауыш ұйым – еңбек адамының сенімді тірегі

Салалық және өңірлік жаңалықтар 18.08.2026

Қуатты бастауыш ұйым – еңбек адамының сенімді тірегі

«Қуатты кәсіподақтар – еңбек адамының қуатты үні» бірыңғай жалпыкәсіподақтық науқаны аясындағы «Қуатты бастауыш ұйым» айдары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбек ұжымындағы маңызды рөлін кеңінен насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта Ақтөбе облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен ашық диалог форматында кездесті.


Кездесу барысында кәсіподақ ұйымының жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы, еңбек жағдайларын жақсартудағы рөлі кеңінен сөз болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының цифрландыру және ақпараттық жүйелерді дамыту бағытындағы жұмыстары, сондай-ақ еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы ақпарат берілді.


Жауапты өндірісте еңбек қауіпсіздігіне қойылатын талап та жоғары. Осы ретте бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек етуіне қажетті жағдайлардың сақталуын тұрақты назарда ұстап, өндірістегі ықтимал тәуекелдердің алдын алуға және еңбек жағдайларын одан әрі жетілдіруге ықпал етіп келеді.
Сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру, жұмыскерлердің кәсіби дамуына қолдау көрсету және еңбек ұжымының белсенділігін арттыру мәселелері де талқыланды.
Ашық диалог барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Алтынбек Әмірғалиев көтерілген мәселелерге жауап беріп, еңбек адамын қолдау мен оның құқықтарын қорғау бағытындағы кәсіподақ жұмысының маңыздылығына тоқталды.


Бүгінде кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттыруда цифрлық мүмкіндіктерді пайдалану да маңызды. Ақпараттың жедел берілуі, кәсіподақ мүшелерімен кері байланысты күшейту және бастауыш ұйымдардың жұмысын жүйелеу – еңбек адамының мәселесін уақытылы анықтап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қуатты бастауыш ұйым – жұмыскер құқығын қорғаудың, еңбек адамының мүддесін ілгерілетудің және кәсіподақ жұмысының тиімділігін арттырудың берік негізі.