Шымкентте «YNTYMAQ» кәсіподағының кезекті конференциясы өтті

Салалық және өңірлік жаңалықтар 25.08.2026

Шымкентте «YNTYMAQ» кәсіподағының кезекті конференциясы өтті

«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының кезекті конференциясы өтті. Жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары,  делегаттар қатысты.


  Жиын барысында филиалдың соңғы 5 жылда атқарған жұмыстары туралы төраға Бауыржан Алтеев есеп беріп, баяндама жасады. 
 «Соңғы бес жыл ішінде атқарылған әрбір игі іс пен қол жеткізген жетістіктер - ортақ еңбектің және бірліктің нәтижесі. Біздің басты мақсатымыз - әрбір жұмыскердің құқығы мен мүддесін сенімді қорғау және лайықты еңбек жағдайын жасау», - деп атап өтті Бауыржан Алтеев.


  Қаржылық есеп бойынша бас есепші Гүлжанар Қойшыбайқызы Абуова баяндама жасады.
  Конференция барысында ұйымдастырушылық мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, филиалдың атқару комитеті мен тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланып, ұйымды басқаратын жауапты тұлғалар бекітілді. «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы болып, Республикалық қоғамдық бірлестіктің өкілеттілігімен Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев сайланды.      
  Сонымен қатар, «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы республикалық қоғамдық бірлестігінің ІІІ съезіне қатысатын делегаттардың тізімі жасақталып, дауыс беру арқылы қабылданды.


  Делегаттар жиында сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстарға оң баға берді және еңбеккерлердің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту бағытында өздерінің құнды пікірлері мен нақты ұсыныстарын ортаға салды.    
   Филиалдың атқарған жүйелі жұмыстары өңірдегі кәсіподақ қозғалысын нығайтуға, әлеуметтік әріптестікті арттыруға және әрбір жұмыскердің әл - ауқатын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда.   
  Конференция конструктивті рухта өтіп, қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады. 
  Жиын соңында қатысушылар сайланған жаңа құрамды құттықтап, ұйымның алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Барлық күн тәртібіндегі сұрақтар толық қаралып, конференция өз жұмысын табысты аяқтады. 


  Бұл шара кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау және салалық жұмыстарды одан әрі дамыту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі болды.