«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: еңбек қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Салалық және өңірлік жаңалықтар 26.05.2026

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: еңбек қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Жұмыс орындарында қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру — қызметкерлердің денсаулығын сақтаумен қатар, еңбек өнімділігін арттырудың маңызды кепілі. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу мақсатында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының ауыл, орман шаруашылығы, табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Түркістан облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесіп, бастауыш кәсіподақ ұйымының жай-күйімен танысты.

 

Кездесу барысында еңбек ұжымындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, өндірістік жарақаттардың алдын алу, қауіпсіздік техникасын сақтау және қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру бағытында өзара пікір алмасу өтті.

 

Жиында сөз сөйлеген Айдар Бахтыбаев еңбек адамының өмірі мен денсаулығы әрдайым басты назарда болуы тиіс екенін атап өтті.

 

«Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау — жұмыс беруші мен кәсіподақтың ортақ міндеті. Әрбір қызметкер өз жұмыс орнында өзін қауіпсіз сезінуі керек. Сондықтан еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, техникалық қауіпсіздік ережелерін күшейту және кәсіподақ ұйымдарының белсенді жұмыс істеуі аса маңызды», — деді ол.

 

Сондай-ақ, кездесуде техникалық инспекторлардың рөлі мен құқықтары, әлеуметтік