Шымкенттік театр мамандарының еңбек жағдайлары назарға алынды

Салалық және өңірлік жаңалықтар 26.08.2026

Шымкенттік театр мамандарының еңбек жағдайлары назарға алынды

ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының құрамындағы Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрында ұжымның тыныс-тіршілігіне арналған жиналыс өтті. Жиын барысында алдағы жаңа маусымның жоспарлары талқыланып, қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік талаптары қатаң пысықталды.

 


Шараны театр директоры Амиркулов Бақдәулет Оңғарұлы ашып, барлық ұжым мүшелеріне сәттілік тіледі. Өнер ошағының жаңа маусымдағы репертуары таныстырылып, көрермендерге сапалы дүниелерді ұсыну бағытындағы жұмыстар сөз болды.


Сондай-ақ жиынға бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Кожамкулова Айгүл де қатысып, еңбек адамдарының қауіпсіздік ережелері ерекше назарға алынды.

 Әсіресе, театрдың маңызды бөлігі болып табылатын жарық және дыбыс мамандарының жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптары жан-жақты қаралып, орындалу тәртібі қатал ескертілді. 


Ұжымның бірлігі мен қауіпсіздігін басты орынға қойған бұл жиын театрдың алдағы маусымда жаңа белестерді бағындыруына берік негіз болмақ.