Шымкентте кәсіподақ қатары жаңа бастауыш ұйыммен толықты

Салалық және өңірлік жаңалықтар 27.08.2026

Шымкентте кәсіподақ қатары жаңа бастауыш ұйыммен толықты

«YNTYMAQ» кәсіпкерлік жұмыскерлерінің қазақстандық салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының ауқымы кеңейіп, қатарға тағы бір жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы қосылды. Бұл қадам өңірдегі еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейте түспек.

 

Осы маңызды оқиға аясында Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеев пен «SD Shym» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанәлі Ержан Тұрсынбекұлы арнайы кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қатысты маңызды мәселелерді талқылап, тиісті құжаттарға ресми түрде қол қойды.


Жаңадан құрылған бастауыш ұйым кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғауда, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде және ұжымдық шарттардың орындалуын қадағалауда маңызды рөл атқаратын болады.


Бұл бастама өңірдегі кәсіподақ қозғалысын дамытуға және жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған тағы бір сәтті қадам ретінде бағалануда.