"Қалың қалай, бастауыш ұйым?" республикалық акция аясында Ақтөбе облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы Айжарық Серімбетов «Нектар» арнайы балабақшасының ұжымымен жүздесті.

Басқосудың басты мақсаты - кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын таныстыру, еңбеккерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және бастауыш ұйым қызметінің негізгі бағыттарын түсіндіру.
Шарада қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ қатысушылардың сауалдарына нақты жауаптар берілді.

Сонымен қатар, кәсіподақ саласындағы белсенді еңбегі үшін «Нектар» арнайы балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Тұрмұхамбетова салалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапатталып, облыстық ұйым тарапынан сыйақыға ие болды.

Басқару өкілдері бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіру, мүшелермен кері байланысты нығайту және әлеуметтік қолдауды тиімді ұйымдастыру бойынша әдістемелік кеңестер берді.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы - қызметкерлердің еңбек құқығын қорғайтын негізгі буын. Сондықтан ұжым мүшелерінің өтініштеріне жедел назар аударып, қолдау мүмкіндіктерін жүйелі түсіндіру маңызды. Осындай шаралар бастауыш ұйымдардың жұмысын жандандырып, еңбек ұжымындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.