28.08.2026
Абай облысы Кәсіподақтар аумақтық бірлестігінде «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. Бүгін акцияны Абай облысының Білім, ғылым және жоғары білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы қолдады.
Акция аумақтық кәсіподақтардың барлық филиалдарында, сондай-ақ тікелей бастауыш кәсіподақ ұйымдарында өткізілуде.
Акция аясында кәсіподақ мүшелерінің балаларына жаңа оқу жылына дайындалу үшін материалдық көмек көрсетілуде.
Акция шеңберінде облыстық комитет кәсіподақтың 50 мүшесінің балаларына 3 600 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті, ал 11 аудандық филиалға кәсіподақ мүшелерінің балаларына көмектесу үшін тағы 2 200 000 теңге бағытталды.
Осылайша, «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетуге бағытталған қаражаттың жалпы сомасы 7 000 000 теңгені құрады.
Акцияны өткізу – кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетудің негізгі бағыттарының бірі.